Елорда тұрғындары мен қонақтары алдында Швейцариядан келген әртістер өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы бүгін қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай іс-шара 1 тамызда Швейцарияның құрылғанына 733 жыл толу мерекесі мен Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 32 жылдығына орайластырылған.
Осыған байланысты Астана әкімдігінің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін аталған мереке аясында Швейцарияның Қазақстандағы елшілігі «Нұржол» бульварында швейцариялық әртістердің қатысуымен музыкалық іс-шара ұйымдастырды.Ондағы мақсат – елорда тұрғындары мен қонақтарын Швейцария мәдениетімен таныстыру және елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастың маңыздылығын атап өту.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына арнайы дәстүрлі Альпі тауында ойнайтын екі музыкант, сондай-ақ екі жонглер әртісі жалаулармен шақырылды.
Әртістер 2 тамызға дейін Астанада көпшілік алдында өнер көрсетеді:
- «Хан Шатыр» СОО алдындағы алаңда сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін;
- Кенесары хан ескерткішінің алдындағы алаң, «Арбат». Сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін.