Арнайы жасақ белсенді Абзал Достиярды ұстап әкетті

Сырым Қаржас

Әлеуметтік желіден

Полиция қоғам белсендісі Абзал Достиярды ұстап алып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы оның Facebook-тегі парақшасына Дина Сәрсенбай жазды.

Әлеуметтік желіден

“Абзал Достиярды қайда алып кеткені, қазір қандай жағдайда екені белгісіз! Адвокат Төлеген Берліқожа Абзалдың қала бөлімшелерінде жоқ екенін айтты. Әзірге іздеп жатыр! Барша белсенділер Абзалдың соңынан іздеп бара жатыр” делінген парақшадағы жазбада.

Дина Сәрсенбай қайда екені нақты анықталғанда тағы хабарлайтынын да айтқан.

Абзал Достиярдың парақшасында жарық көрген келесі жазбада “Белсенділер жиналып тұр. Ұсталған азаматтардан әзірге ешқандай хабар жоқ. Рысбек Сәрсенбай ағамыз ұсталған азаматтар туралы білуге прокуратураға кіріп кетті”, делінген.

Кейінірек Дина Сәрсенбай А.Достиярдың Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Заманбек Батталханов, 12 мекен-жайында екенін хабарлады.