Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тарас Шевченко көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін Ulysmedia.kz.
Осыған байланысты 3-4 тамыз аралығында Тарас Шевченкокөшесінің Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаскесі ішінара жабылады.
Қала басшылығы елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Сондай-ақ Астана әкімдігі Тұран даңғылының жергілікті жол жүру учаскесінде кәріз желісін кесу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.
Жергілікті жол учаскесі 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылады.