Атырауда алаяқтық арқылы несие рәсімдеген күдікті қолға түсті

Сырым Қаржас
"Ақ Жайық" сайты

Атырау қаласында бірнеше тұрғынның атынан банк қосымшасы арқылы 7 млн теңгеге жуық несие рәсімдеп, заңсыз иемденген 36 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күдікті Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолға түсті.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.