Астанадан Қосшыға баратын жол жабылады

Әлихан Асқақ

Астанада тағы бір трассада көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қарқаралы тасжолының «Жұлдыз» айналымынан бастап көлік айрығына дейінгі учаскесінде жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Көрсетілген учаске 4-7 тамыз аралығында ішінара жабылады.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта да жүзеге асады.

Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысына түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз - дейді әкімдіктен.