Биыл жарты жыл ішінде Қазақстан 40,4 мың тонна ірі қара, шошқа, қой, ешкі, жылқы етін өндірді. Бұл былтырғы қаңтар-маусым айларына қарағанда 9%-ға көп, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ЕТТІ ЕҢ КӨП ӨНДІРГЕН ӨҢІРЛЕР
Energyprom зерттеуінше, өңірлік бөліністе ең көп ет Ақтөбе облысында өндірілді: 6,6 мың тонна, оған қоса жылдық өсім 21,7%. Көшбасшы аймақтардың бестігінде Қостанай (6 мың тонна, минус 5,2%), Солтүстік Қазақстан (5,3 мың тонна, минус 1,7%), Павлодар (5,2 мың тонна, плюс 21,4%) және Ақмола (3,6 мың тонна, плюс 3,6%) облыстары болды.
ҚАЙ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛДЫ?
Биыл қаңтар–мамыр айларында Қазақстан экспортқа 71,8 млн.долларға ет экспорттады.
Экспорттың негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді. 26,2 мың тонна өнім. Өкен жылмен салыстырғанда 9,1% - ға артық. Бұл сегментте Ресей көш бастап тұр: бес айда-14 мың тонна тұтынған, Өзбекстанға 7,3 мың, Қырғызстанда 4,1 мың тонна жеткізілді.
Қалған елдерге Қазақстан 1,2 мың тонна өнім жіберді. Бұл былтырғы қаңтар–мамыр айларына қарағанда 2,2 есе көп. Негізгі бөлігі Иран, БАӘ, Катар, Кувейт және Сауд Арабиясына сатылды.