1 қыркүйек – жексенбі: мұғалімдерге демалыста шыққаны үшін төлене ме

Аян Өрібай

Қазақстандағы мұғалімдерге 1 қыркүйекте жұмысқа шыққаны үшін ақысы төленеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Бұл ақпаратты Ulysmedia.kz тілшісіне Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі растады. Ұстаздарға мектеп әкімшілігі 1 қыркүйекті жұмыс күні деп белгілеп, ақы төлеуі тиіс. Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші мұндай жағдайда сағатына да төлеуі мүмкін.

Еске сала кетейік, биыл 1 қыркүйек жексенбіге дәл келеді. Министр Ғани Бейсембаев алғашқы қоңырау күнін ауыстыра ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.

– 1 қыркүйек - дәстүрлі түрде оқушылар үшін айтулы күн. Сондықтан 1 қыркүйекте білім күніне арналған жиын өткізіледі, - деді министр. 

2024-2025 оқу жылы
 
Оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады. Оқу тоқсандары мен демалыстардың ұзақтығы келесідей болады:

  • I тоқсан: 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан 3 қарашаға дейін).
  • II тоқсан: 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін).
  • III тоқсан: 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз).
  • IV тоқсан: 8 оқу аптасы. Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс - 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпан).