Қазақстанмен шекарада шешілмеген мәселе бар – Ресей министрі Путинге жүгінді

Сырым Қаржас

Ресей экономикалық даму министрі Максим Решетников сол елдің басшысы Владимир Путинге Қазақстанмен шекара бойынша шешілмеген мәселе барын мәлімдеді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. 

ашық дереккөзденс

Владимир Путиннің Үкімет мүшелерімен кездесуі барысында Қазақстанмен шекара бойынша шешілмеген мәселе жайлы сөз айтылды.

– Бізде Қазақстанмен шекарада шешілмеген бір мәселе бар – ол Белуха (Мұзтау) тауы. Үкіметаралық келісімге қол қою керек, өйткені тауға шығу үшін Қазақстан аумағымен жүруге тура келеді, ол жерде шекаралық режим бар, –  деді Максим Решетников. 

Решетниковтың айтуынша, бұл мәселе ерекше бақылауда әрі қазақстандық тараппен пысықталып жатыр. Экономикалық даму министрі Ресейдің Қазақстанда "қосымша суператтракциясы пайда болады" деп қосты.

Владимир Путин жауап ретінде "жұмысты аяқтау керек" деді. Решетниковтан көмек қажет болса айтуын өтінді.