Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары бүкіл ел бойынша алдау жолымен алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы бүгін Жетісу облыстық прокуратурасы хабарлады.
Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.
“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталып жатыр.
Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны өсіп келеді”, деділнген хабарламада.
Осы ретте құзырлы орган ел азаматтарынан өз қаражатына ұқыпты болып, банктік шоттардың деректемелерін ешкімге бермеуге, сондай-ақ үшінші адамдарға ақша аудармауға кеңес береді.