"Астана-Аренаның" жанындағы жол екі күнге жабылады

Сырым Қаржас

12-13 тамызы күндері Астана қаласындағы "Астана Арена" маңындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жол уақытша жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы әкімдігі

Нақтылай түссек, Астана қаласы әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Алау" Мұз сарайы тарапынан "Астана Арена" ауданындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жергілікті жолдың бойында жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

“Осыған байланысты, осы жылдың 12-13 тамызы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы ашық болады және автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылады”, делінген басқарма хабарламасында.

Қала басшылығы елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.