ШҚО-да полицейлер қоғамдық тәртіпті гироскутермен бақылап жүр (ВИДЕО)

Қалижан Бектемір

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Өскемен қаласында патрульдік қызметте Segway гироскутерлерін пайдаланып жүр, деп хабарлады  Ulysmedia.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

polisia.kz

Тәртіп сақшылары Өскемендегі жағалау аумағын және облыс орталығының саябақтарында патрульдеу үшін қос дөңгелекті электрлі құрылғыларды игерді. Полиция департаментінде барлығы осындай төрт скутер бар.

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ АРНАЙЫ КУРСҚА ҚАТЫСТЫ

Оннан астам полиция қызметкері арнайы курстан өтіп үлгерді. Қазір олар патрульдік қызмет көрсетуге дайын. Батарея қуатымен жұмыс істейтін Segway полицияға арналған StreetSmart мүмкіндіктерімен, соның ішінде сирена және жыпылықтайтын шамдармен жабдықталған, - делінген хабарламада.

Гироскутерлер патрульдік қызметте және көліктер өте алмайтын саябақ аумақтарында, аллеялар мен алаңдарда тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін пайдаланылады. Бұл жаңа бастама уақытты айтарлықтай үнемдеп, жұмысты жақсартады.

Бұған дейін хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеубаласы, Ресей Федерациясының азаматы Азамат Қапеновті іздеу жариялап, соңынан ол туралы айтқан адамға қомақты сыйақыны беретінін хабарлаған еді.