Қазақстанда экспортқа салынған тыйым Қырғызстанда жанармай тапшылығын тудырды

Сырым Қаржас

Қырғызстанның Экономика министрлігі көрші елде автогаз тапшылығының себептерін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

Sputnik.kg

Монополияға қарсы реттеу қызметінің өкілі Сырғақ Омаров журналистерге Қырғызстанда жанармай жетіспеушілігінің бірқатар себебін айтып берді.

Оның біріншісі – Қазақстан билігінің автогазды елден шығаруға тыйым салу туралы шешімі. Бұған дейін Қырғызстанның Ресейден ала алмайтын автогаз сұранысын Қазақстан қанағаттандырып келген.

Шенеунік сондай-ақ Ресейден автогаз тасымалдауға жеткілікті жылжымалы құрамның жоқтығын және вагондар санының артқанын атап өтті.

«Мұнай трейдерлері бұрын Қырғызстанға импорттаған көлемді қайта қарауы керек, егер бізде үш жыл бұрын автогаз барынш жеткілікті болса, қазір тапшы», - деді ол.

Еске сала кетсек, Бішкекте автогаз тапшылығы маусым айының соңында туындаған.

4 мамырда Қазақстан ішкі нарықтағы тапшылыққа байланысты автогаз экспортына тыйым салу мерзімін ұзартты.