Оқиғаның бірнеше куәгері журналистерге Астана әуежайында туындаған мәселеге қатысты ақпарат жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқырмандар Ulysmedia редакциясына хабарласып, елордаға қонуы тиіс ұшақ белгілі бір себептермен Қарағандыға қарай ұшып кеткенін айтты. Оларға елорда әуежайында болған нақтыланбаған апат туралы хабарлаған.
Ал өзге куәгерлер Swiss International Air Lines ұшағы Астанаға шұғыл қонып, тіпті ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін айтты.
Мән-жайды Ulysmedia тілшілері нақтылай түспек.