Халықаралық футбол қауымдастығының жаңартылған рейтингінде (ФИФА) Қазақстан құрамасы 125-орыннан 119-орынға көтерілді. Ұлттық құраманың еншісінде 1140 ұпай бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан футбол федерациясының таратқан ақпаратына сәйкес, рейтингтің көш басында Бельгия (1828 ұпай) тұр. Екінші орында – Бразилия (1826). Үздік үштіктің қатарынан Франция (1786) құрамасы көрінді.
Қараша айында Қазақстан құрамасы 2 матч өткізді. Талғат Байсуфинов командасы ең алдымен сырт алаңда әлем чемпионы Франция құрамасынан 0:8 есебімен жеңілсе, кейін Нұр-Сұлтанда Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңді.
ФИФА рейтингі (19.11.2021):
…
25. Украина – 1535
58. Финляндия – 1411
61. Босния және Герцеговина – 1392
118. Тайланд – 1148
119. Қазақстан – 1140
120. Әзербайжан – 1139.