Қызылордада 1000 адам зорлаған қызға көпшілік жылу жинап берді

Қалижан Бектемір

#НеМолчиKZ қоры Қызылорда облысында секс-құлдықта болған қызға көмек ретінде 17 млн теңгеге  жуық соманың жиналғанын жариялады, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

БҰЛ СҰМДЫҚТАН БҮКІЛ ӘЛЕМ ҚҰЛАҒДАР БОЛДЫ

Қордың әлеуметтік желідеге парақшасынан белгілі болғандай, 14 тамызда облыстағы сұмдық оқиғаға байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында қызды жарты жылдан бері 1000-нан аса адамның зорлап келгені туралы бүкіл елімізге жарияланды. Одан кейін бұл оқиғадан шетелдік ақпарат құралдары хабардар болды.  Міне, содан кейін іс насырға шаппай тұрғанда бірнеше сағатта осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдіктілер бірінен соң бірі уақытша қамау изоляторына тоғытылып, соныңан тағы бірнеше адамға іздеу жарияланды.

ҚОЛҒА ТҮСКЕН КҮДІКТІЛЕР ТЕРГЕЛІП ЖАТЫР

Қазіргі кезде қолға түскен күдіктілер жан-жақты тергеліп жатыр. Қыздың өзіне және анасына медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде.

Біз Қызылорда облысының әкімі @qyzylorda_qalasy_akimdigi, Ішкі істер министрлігі @qriim_mvdrk мен Айтбек Амангелдінің адвокаттарына @bm_law_group , @bagibagi, @aitym іске дер кезінде араласып, көмек қолын созғаны .шін алғысымызды айтамыз. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа жәбірленушіні күні-түні күзетіп, қыздың бойына болашаққа деген сенімді ұялатып жатқанына ризашылығымызды білдіреміз, - делінген хабарламада.

ЖАУАПТЫ АДАМДАР ҚЫЗМЕТІНЕН БІР СӘТТЕ ҚУЫЛДЫ

Сонымен бірге қор жақында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың осы қылмысқа қатысы бар адамдардың жазасын алмайынша істі бақылауда ұстайтынын айтқанынан, сол күні облыстық білім беру саласының жауапты азаматтары жұмыстан қуылғанынан тағы да хабардар етті.

Атап айтқанда, №7 мектеп-лицей директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологы, әлеуметтік педагогы, сынып жетекшісі жұмыстан босатылды.

Қызылорда қаласы әкімінің осы салаға жауапты орынбасарына, қалалық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс, бөлімнің тәрбие жөніндегі жауапты маманына жұмыстан босату шарасы қолданылды.

Білім басқармасының басшысына өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді, - делінген жазбада.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналыс өткізіп, атышулы қылмыстан жарты жылға жуық уақыттан бері полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен қызға сабақ беретін мұғалімдер бейхабар болғанын қатаң сынға алды.

КӨМЕК РЕТІНДЕ 16 875 784,12 ТЕҢГЕ ЖИНАЛДЫ

Енді сіздерге қыздың анасы отбасы картасына көмек ретінде, ел-елден, жер-жерден қомақты ақшаның жиналғанын, қазір бұл сома 16 875 784,12 теңгеге болғанын айтты. Бұл ақшаны жинауға көптеген ұйымдар мен қорлар да атсалысты. Қыздың отбасы немқұрайлы қарамаған барлық ел жанашырына рахметін айтып, қаражат жібермеуді өтініп отыр. Сол үшін біз сіздерге осы жоғарыда жазылған қысқа ақпаратты беріп отырмыз, - делінген жазбада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы қызға қатысты сұмдық деректер жарияланған еді. Одан кейін қызды жезөкшелікке мәжбүрлегендер қамалды. Ал өткен аптада Қызылорда облысында 16 жастағы кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісінен кейін облыстық білім беру саласының жауапты азаматтары жұмыстан босатылды.