Қазақстанда рөлі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтатады

Ілияс Бақыт

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді.

ашық дереккөзден

Көлік министрі Марат Қарабаев жаңа жылдан бастап Қазақстанда рулі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтататынын мәлімдеді,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарабаевтың айтуынша, «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді платформадан алып тастайды. 

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді алып тастайды. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісім бар. Рөлі оң жақтағы көліктерді сол жаққа ауыстырып алғандар да бар. Олар да азаматтардың өміріне қауіп төндіреді. Ондай көліктерді винкоды арқылы анықтауға болады. Интернет-провайдерлер ревизия жүргізіп, оларды да 1 қаңтардан бастап шығарады», - деді ол Үкімет отырысында өткен брифингте.

Сондай-ақ Марат Қарабаевқа "ірі қалаларда такси бағасы неліктен қымбат?" деген сұраққа жауап берді

Бұған дейін қала тұрғындары жол апаты жағдайында жол жүру құнының айтарлықтай өсіп кететініне шағымданған еді.