Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі қарап жатыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр.
ЕКІ ЕЛ ЖОБА ДАЙЫНДАП ЖАТЫР
Екі мемлекеттің мамандары кіретін бірлескен жұмыс тобы құжатты әзірлеумен айналысады. Келісім жасаудағы негізгі міндет Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету.
Министрлік Балқаш көлін қажетті су көлемімен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Жыл басынан көлге 12 млрд текше метрден астам су жіберілді, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Жақында Қырғызстанның Қазақстанға 550 млн текше метрден астам суармалы су жіберетіні белгілі болды.