Украина әскері Ресейдің Курсктан кейін Брянск облысына шабуылдай бастады

Сырым Қаржас

Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз Украинаның диверсиялық-барлау тобы аймаққа кіргісі келгенін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz порталы Ресей БАҚ-тарына сілтеме жасап.

ашық дереккөзден

– 21 тамызда Брянск облысының Климов ауданында украин ДБТ тобының Ресей аумағына ену әрекеті тоқтатылды. (...) Жауға оқ атылды, - деп жазды ол сәрсенбі күні кешке өзінің жеделхатында.

Аймақ басшылығы жағдай тұрақталғанын, жағдай жедел штабтың бақылауында екенін жазады.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украина Қарулы күштерінің Курск облысында 1250 шаршы шақырым жерді, 92 елді мекенді өз бақылауына алғанын мәлімдеген еді. Сонымен бірге ол Украинаға Запорожье облысындағы Атом электр станциясын қайтару керектігін, АЭС-ның елдің қауіпсіздікке кепіл болатынын айтқан.