Қостанайлық тұрғын интернетте жеке деректердің ұрлануына жол ашқан

Қалижан Бектемір

Қостанай облысының тұрғыны интернетте зиянды бағдарлама таратқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Polisia.kz

Қостанай облысы бойынша ҰҚКД және ПД облыстық прокуратураның үйлестіруімен интернет желісінде зиянды бағдарламаны (вирустарды) таратумен айналысқан 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Зиянды бағдарлама интернет пайдаланушылардың жеке деректерін (логиндер, парольдер, IP-мекенжайлар) алуға мүмкіндік берген. Оларды интернет-алаяқтар қылмыстық жолмен пайда табу үшін қолдана алады.