Әлеуметтік желіде тікелей эфирде түрлі боғауыз айтып, аты шыққан Мұрат Әбділдә бостандыққа шығатын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Оның сөзіне қарағанда, сот қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енеді.
Еске салсақ, атышулы Әбділдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы бейнежазбалары арқылы «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.