Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Қаражалда өткен концертте шаһарға қуана-қуана келгенін, бірақ жолда шаршағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Түні бойы жол жүрдім. Ұйықтаған жоқпын. Оның үстіне жолдар білесіздер мынандай – секіріп, секіріп жүресің. Ол енді бастықтардың құлағына алтын сырға. Жөндеу керек қой жолды. Мен анда-санда бір келем. Ең біріншіден, ол жолмен жүретін сіздер ғой. Сондықтан, келешекте бәрі жақсы болады деп сенемін, – дейді Роза Рымбаева.
24 тамызда Кеншілер күнін аталып өтті.