Бұл компания Қазақстанда жұмысын тоқтатты

Әлихан Асқақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2024 жылғы 28 тамыз №14 бұйрығына сәйкес «Вексель» микроқаржы ұйымы» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

ашық дереккөзден

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензия алған күннен бастап қатарынан алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмауы осындай шешімге негіз болған.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес МҚҰ Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері, МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін, микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жауапты болады.