Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске сала кетейік, Ермек Маржықпаев бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.
Жақында ғана аяқталған Париж Олимпиадасы төңірегінде де министрлікке аз сын айтылған жоқ. Биыл Қазақстан құрамасы бокстан екі медальмен оралды. Нұрбек Оралбай күміс алса, еліміздің жеті дүркін чемпионы Назым Қызайбай қола жүлдені иеленді. Токио Олимпиадасында да бокстан Қазақстан құрамасы дәл осылай алтынсыз қайтқан еді.
Жақында Тоқаев Қазақстан спортындағы жағдайды сынап, шетелден спортшылар шақыруды тоқтату керектігін айтқан болатын.