Ең көбі мұғалімдерде: бүгіннен бастап студенттердің шәкіртақысы өсті

Сырым Қаржас

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда студенттер, магистранттар мен докторанттарға берілетін шәкіртақы мөлшері өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

колла

Премьер-министр Олжас Бектенов шәкіртақыны  өсіру жөніндегі қаулыға шілде айында қол қойған. Құжатта өзгерістер 2024 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енетіні айтылған.

Колледж студенттері үшін стипендия 50% артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрады.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20% – 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар 75 600 теңгеге дейін ұлғайды.

Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленеді.

Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15% - ға ұлғайтылды: тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңге болды.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қыркүйегінде бакалавриат студенттеріне стипендия 20%, магистранттар мен докторанттарға 15% артқан еді.

Гранттар

Еске сала кетейік, грант иегерлерінің жарияланған тізімі биыл сотқа дейін ұласып жатыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге гранттардың 20% бөлу туралы шешім қабылдады. "ТЖ-квотаның" пайда болуынан ҰБТ-да 100-ден астам бал жинаған көптеген талапкер грант ала алмады, ал басқалары квотаны пайдалана отырып, әлдеқайда аз бал жинап, тегін оқуға мүмкіндік алды.