Президент Қасым-Жомарт Тоқаев армиядағы сарбаздар жайлы жолдауда сөз қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.
Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты, – дейді Тоқаев жолдауында.
Тағы да оқыңыздар: Еркек тоқты құрбандық: сарбаздардың бейбіт күнде қынадай қырылуының себебі неде