«Денсаулықты күтіңіздер»: Мейрамбек Беспаев Түркияға кетуге мәжбүр болған

Қалижан Бектемір

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев Instagram-парақшасында Түркияның Ыстамбұл қаласына медициналық тексерістен өтуге кеткенін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: vk.com

Достар, Ыстамбұлдан сәлем! Денсаулыққа абайлаңыздар! Денсаулыққа байланысты қаралып тұратынымды білесіздер. Бүгін Ыстамбұл қаласына қаралуға келдім. Сіздерге де кеңес беремін! Денсаулықты күтіңіздер. Амандықта жолыққанша, - деп жазды ол.

«МузАРТ» тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаевтың соңғы кездері денсаулығына байланысты жиі тексерістен өтіп жүргенін байқауға болады. 

Еске салсақ, әнші сұхбаттарының бірінде зоб ауруымен ауыратынын, жылына 2 рет шетелге барып, дәрігерлерге қаралып тұратынын айтқан еді.