Алматыда бала саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қалижан Бектемір

Алматы облыcтық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бала саудасымен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

25 тамызда Surak.baribar әлеуметтік желісінде жаңа туған және кәмелеттік жасқа толмаған балаларды заңды жолмен асырап алу арқылы бала саудасын жүзеге асыратын қылмыстық топ бар екені туралы ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысының тумасы, 38 жастағы азаматша анықталды, – деп мәлімдеді ПД.

Күдікті қамауға алынған. Қазір тергеу жүріп жатыр.