Министр Шаққалиев бұрынғы уақытты қайтару жөнінде талапқа жауап берді

Аян Өрібай

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұрынғы уақытты қайтару жөнінде талапқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Парламент Мәжілісінде бұл мәселені депутат Ұлықбек Тұмашинов көтерген. Ол Шығыс Қазақстанға барғанда халықтың көбі бұрынғы уақытты көтеруді өтінген. Депутат министрге шешім ретінде Шығыс Қазақстанға бұрынғыдай қысқы уақыт және жазғы уақыт деген жүйені қайтаруды ұсынды.

Арман Шаққалиев десе де, “бұрынғы уақыт қайтады” деп нақты айтқан жоқ.

– Мен өзім Шығыс Қазақстанда шілдеде болдым. Мәселені жан жақты қарадық. Петиция қаралып, жұмыс тобы шешім қабылдады. Маусымдар аралығы қандай боалтыны жөнінде қандай болатынын білейік дедік. Денскулыққа байланысты шешімдер ғылыми зерттеу арқылы анықталады. Бірақ ұсыныс ретінде оны қарастыруға болады. Бізде ондай практика болды, – дейді Шаққалиев. 

Петиция

Шенеуніктер бұған дейін уәде еткендей, енді Үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қарау үшін жұмыс тобын құрылуы тиіс. Себебі ірыңғай уақыт белдеуіне қарсы ресми петиция 50 мың қол жинаған. Министрлік бірақ жаңа уақыт белдеуін қалдырды.

Жаңа уақыт белдеуі

Қазақстанда биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. 

Үкімет басшысы таяуда Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы қаулыға қол қойған еді.