Бюджет қаражатын ұрлады деген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бұрынғы төрағасының ісі сотқа берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Есіл өзені арқылы көпір салумен «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды. Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы мердігерге 200 млн теңге көлемінде аванс беріп, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.
Еске салсақ, биыл сәуірде «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы ұсталған болатын. Ол басқарма төрағасы қызметін 2021-2022 жылдар аралығында атқарған.