Алматыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнеден жедел жәрдем көлігінің арнайы белгіленген жүргіншілер жолағында екі әйелді қағып құлатқанын көруге болады.Кейінірек олардың біреуі ғана зардап шеккені анықталды.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше оқыс оқиға бүгін Алматы қаласының Алмалы ауданында сағат 16:50-де болған.
"Тілендиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан жедел жәрдем жүргізушісі солға бұрылған кезде 1947 жылы туған әйелмен соқтығысты. Әйел ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция департаменті.
Оқиғаны Алмалы ауданының полиция қызметкерлері тергеуге кіріскен.