Кептелісте ұзақ тұруыңыз мүмкін: Алматы мен Астана тұрғындары үшін

Сырым Қаржас

 Алматы мен Астана жүргізушілері кептелісте тұру уақыты  30 пайызға ұлғайған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Мысалы Астанада  2 қыркүйек күні Сарайшық көшесінде таңертең 11 мың көлік тіркелген.  Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 3,5 мыңға артық. Орташа жылдамдық 20 пайызға төмендеген. 
Мәңгілік Ел даңғылындағы трафик қыркүйек айында 40 пайызға, Тұран даңғылында 30 пайызға өсіпті.

Ал Алматыдағы жағдай мынадай. 2 қыркүйекте Әл-Фараби даңғылында таңертең 11 мың көлік кептелісте тұрған. Бір апта бұрын шамамен  8 мың болған. Орташа жылдамдық 15 пайызға төмендеген. Абай даңғылында 2 қыркүйек күні таңертең 23 мың көлік болса ал бір апта бұрын - 17 мың болған. Орташа жылдамдық 25 пайызға төмендеген. Райымбек даңғылы, Төле би көшесі және Шығыс айналма жолы бойынша автомобильдер саны 14-20 пайызға артты.

Енді жұмысқа немесе оқуға баратын жол орта есеппен 20 минутқа созылуы мүмкін.