Ел аумағында әлі 8 млн адам газсыз отыр

Сырым Қаржас

Энергетика министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, өткен жылғы қорытынды бойынша еліміздегі газ тартылу деңгейі 60 пайызды құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Яғни бүгінде 12 миллион адам газға қол жеткізген болса, 8 миллионға жуық адам әлі табиғи газдың қызығын көре алмай келеді.

«17 облыс пен қалаларда әртүрлі деңгейде газ қосылған. 3 облыс, яғни Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарына газ тартылмаған», деп жазылған министрлік ақпаратында.

Алматы, Шымкент қалалары, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстары салыстырмалы түрде газбен жоғары деңгейде қамтылған, яғни 90%-дан асқан.

Мәселе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында күрделі күйінде қалып отыр.