Сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырудан бас тартты

Сырым Қаржас

Адам өлтіргені үшін сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ата-аналық құқығынан айырылмайтын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Бишімбаевтың әлі де ата-ана құқығы бар екенін хабарлаған. Оның айтуынша, сот ата-ана құқығынан айыруға негіз жоқ деп шешті.

«Біздің әділ сот оны ата-аналық құқығынан айыруға негіз жоқ деп шешті, ол біздің мемлекет үшін өте лайықты әке», деп жазды ол.

Қаһарман Қуандық Бишімбаевты ата-аналық құқығынан айырғысы келетінін айтты. Өйткені ол өз балаларын шетелге жібергісі келген сайын түрмеге келіп, экс-министрден рұқсат алу керектігін алға тартады.

«Мәселе әрбір қағаз үшін, оның қандай да бір келісімі үшін өте қауіпті қылмыскерді іздеп түрмеге бара бермеуде болып тұр. Оның келісімінсіз балаларым жаттықтырушымен я болмаса мұғалімімен ешқандай жарысқа бара алмайды.

Балалар әлі күнге соның тегімен жүр, өйткені біз оны екінші ата-ананың келісімінсіз өзгерте алмаймыз. Кез келген қарапайым ата-ана мұндай рұқсатты алғашқы күндерінен-ақ берер еді, бірақ балалар бір жылға жуық уақыт бойы келеңсіз жайтқа тап келіп және оған төзіп жүруге мәжбүр болды», - деп бөлісті Қаһарман.

БИШІМБАЕВ ІСІ

Еске салайық, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев өзінің азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған. Экс-министр жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады. Оның туысы Бақытжан Байжанов туысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабында көзделген аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылды.

26 маусымда апелляциялық сот экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.