Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылындағы мектеп асханасына жабылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрлік мәлімдемесі
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылға Балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің қызметкерлері барған. Жалпы, 460 бала дәрігерге жүгініп, 377 оқушы үйінде емделген. 83 бала ауруханаға түссе, реанимациядағы екі бала бүгін палатаға ауысқан.
Мектеп асханасы мөр басылып, жабылды. Бүгіннен бастап оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша бүкіл облыстағы мектеп асханаларына мониторинг жүреді, - деп хабарлады министрлік.
Кінәлілер жауапқа тартылады
Еске салсақ, Маңғыстау облысында оқушылардың жаппай улануы себебінен еліміздің барлық мектептері тексерілетінін жазған едік.
Сондай-ақ Үкімет балалардың улануына кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.