Су тасқыны: премьер Бектенов Тоқаевқа есеп берді

Сырым Қаржас

Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Коллаж Ulysmedia.kz

Толығырақ

Олжас Бектенов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады. Оның сөзінше:

  • биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналған;
  • Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған;
  • орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық;
  • шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр.

су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берілген:

  • бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті;
  • 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленген.

ТОҚАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.