Өскемендегі Отбасы күні қарсаңында Қарттар үйінде екі зейнеткер шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы жергілікті Buqara.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазаққа келін болып түскен Людмила Николаевнаның жасы 71-де.
– Қарттар үйіне түскеніме біраз жыл болды. Міне, жан-жарымды таптым. 64 жастағы жұбайым мені сыйлайды, жақсы көреді. Нағыз отбасылық бақытқа ие болып отырмыз, – дейді зейнеткер.
Ерлі-зайыпты болмас бұрын екеуі екі ай бойы сөйлесіп жүрген. Қарттар үйінде енді ерлі-зайыптыға бөлек бөлме берілді.
Қазақстанда Отбасы күні 10 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мереке қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді.