Мемлекеттік бағдарламалар қысқарса да, қазақстандықтар үйді көптеп сатып алып жатыр

Ulysmedia

Ұлттық банк мамандары жылжымайтын мүлік нарығындағы қарқынды және бағаның одан әрі төмендеу тәуекелдерін саралады. Мамандар болжамы Ұлттық Банк жариялаған қаржылық тұрақтылық туралы есепте жазылған.

Коллаж Ulysmedia

Орталық банк мамандары 2023 жылы тұрғын үй бағасы төмендемегенін айтып отыр. Мемлекеттік бағдарламалардың қысқаруы да жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай әсер ете қоймапты. Қайталама нарықта 9 ай бойы баға аз-аздан түскенімен, жыл аяғына таяу өз қалпына келген көрінеді. Ал бірінші нарықтағы баспана құны былтырғы жылғы наурызға қарағанда биыл біршама өскен.
Алайда Бас банк өкілдері «Жылжымайтын мүлік нарығындағы қарқын мен бағаның төмендеу деңгейіне қарай тәуекелдер көрсеткіші қалыпты сақталуда», - деп бағамдайды.  

Мемлекеттік бағдарламалар саны қысқарса да тұрғын үй нарығындағы белсенділік тұрақты деңгейде қалып отыр. Биыл жылжымайтын мүлікті саудалау былтырғыдан 20,5% - ға аз. Дегенмен пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда өсім байқалады. Былтыр пайдалануға берілген пәтерлер саны 20,2% - ға өссе, ал нарықтағы ипотекалық қарыздардың үлесі 34,6% - ға дейін жетіпті.  

Ұлттық Банк Мемлекеттік бағдарламалар сұранысты ынталандыратын айтады. Бірақ мемлекеттік қолдау нарықтағы шынайы бағаны бұрмалайды деген байламда. Салдарынан ипотекалық несиелендіру көлемі азайып, жылжымайтын мүлік нарығының субсидияларға тәуелділігін арттырады деп отыр.

Бөлшек несиелендіруге келетін болсақ, елде әлі де теңгерімсіздік бар. Жеке тұлғаларға банктік өнімдер мен қызметтерді сату бизнесті қаржыландыруға қарағанда әлдеқайда алда тұр. Мәселен жеке тұлғаларға несие беру, тұтынушылық қарыздар беру қарқыны жоғары. Бұл үрдіс тәуекелдердің жинақталуына жол ашады. Ұлттық банктің қаржылық есептеулерінде 2023 жылы жиынтық бөлшек сауда портфелі 26,7% - ға өскені көрсетілген. Ол өсімнің шамамен 3-тен 2-сі кепілсіз тұтынушылық қарыздардың үлесінде.

Жалпы, 2023 жылы қазақстандық банк секторы жұмысын тұрақты жалғастырды. Корпоративтік несие портфелінің сапасы да жақсарған. Бизнестің барлық санаттарында жұмыс істемейтін әрі күмәнді қарыздардың қысқаруына байланысты проблемалық қарыздардың үлесі төмендеді.

Долларландыру деңгейі соңғы 16 жылда өзінің тарихи минимумына жетті. Бөлшек және корпоративтік сегменттерде валюталық салымдар үлесінің айтарлықтай төмендеуі де байқалады.