Соттау, қамау, қудалау: Қазақстанда ымырасыз партия тіркеу мүмкін бе

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

2019 жылы елді үздіксіз отыз жыл билеген Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін, Қазақстанда саяси партия құруға талпынғандар саны көбейді.

Айналасы екі-үш жылдың ішінде ондаған ұйым мен бастамашыл топ өкілдері партия құратындарын мәлімдеді.

Халықтың қолын жинап, Әділет министрлігіне тапсырды. Бірақ барлығы дерлік тіркеуден өте алмады. Осыдан кейін қарсылық акцияларын өткізіп, митингіге шықты.

Қазақстанда партия тіркеуге не кедергі? Партия құрғысы келген белсенділер мен саясаткерлер қазір қайда жүр? Бұл материалда осы және өзге де сұрақтарға жауап іздейміз.

Арнайы репортажды Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.