Ақмола облысында өрт сөндіруші өзіне қол жұмсады

Қалижан Бектемір

Ақмола облысы Степногор қаласында өрт сөндіру бөлімінің қызметкері өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Полиция не дейді

Полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, - деп мәлім етті Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

ТЖД растады

Еске салсақ, бүгін әлеуметтік желіде Степногор қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан өрт сөндіру бөлімінің аға инженерінің денесі табылғаны туралы ақпарат жарияланған. Онда 21 жастағы азаматтық қорғаныс лейтенантының асыл өлгені айтылған еді.

Оқиғаның болғанын Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі растады.