Оқыс оқиға Шамалған бекетінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Төрт жасар баланың денесін құтқарушылар үш сағаттық ізденістен кейін тапты.
ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағының ақпаратынша сәби Алматы облысының Шамалған бекеті арқылы өтетін өзенге батып кеткен.
"Құтқарушылар тобы баланың денесін болжамды құлау орнынан төрт шақырым төмен жерден тапты", — дейді ТЖМ хабарламасында.
Бұған дейін
Павлодар облысының Павлодарское ауылында құтқарушылар Ертіс өзенінен 1980 жылы туған ана мен алты және тоғыз жастағы екі баланың мәйітін шығарған еді.
Сағат 21:40 шамасында олар «ВАЗ-2109» автокөлігінде отырып, өзенге аударылып, өздігінен шыға алмай қалған.