Полиция қызметкері бала қағып кеткен: жазасы қандай болды

Сырым Қаржас

Оқиға биыл маусым айында Өскемен қаласында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Жол-көлік оқиғасы 6 маусымда сағат 17.20-да Қазыбек би даңғылында болған. Реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде Toyota Carina көлігін басқаратын полиция қызметкері үш жасар қызға жол бермей оны қағып өткен.

Сот отырысында жүргізуші кінәсін мойындады.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, қыз жеңіл дене жарақатын алған.

ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігінің санкциясы 40 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді.

"Әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін айқындау кезінде сот жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайларын, жол – көлік оқиғасының салдарын ескеріп, азамат А. - ны тоғыз ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру қажет деп есептеді", - деп хабарлады сотта.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.