Қазнетте журналист Асхат Ниязовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның ұсталған сәтінің видеосын саясаттанушы Санжар Боқаев жариялады. Кадрларда бірнеше полиция қызметкері Асхат Ниязовты алып кетеді, журналистің өзі әкімдіктегі бір кикілжің үшін өзіне айып тағылғанын айтып үлгереді.
Алматы полиция департаменті бұл жағдайға түсініктеме бермеді. Белсенділер Ниязовты Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізгенін жазады.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың сәуір айында Асхат Ниязова бір жазбаны бөліскені үшін жазалағалы жатқаны жөнінде ақпарат тараған.
Асхат Ниязов - қазақстандық журналист және "Обожаю" YouTube-арнасының авторы. Өз жобасында ол қарапайым қазақстандықтардың проблемалары мен шағымдарын білу үшін елдің әртүрлі аймақтарына барады. Әкімдермен кездеседі.