Маңғыстау облысының тағы бір ауданында 16 оқушы астан уланып қалды

Қалижан Бектемір

Кеше сағат 18:34 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы орта мектептің 16 оқушысының іші ауырып, аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жеткізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Pixabay

Денсаулық сақтау басқармасы не дейді

Қабылдау бөлімінде балаларға оральды регидратация және инфузионды терапия жасалды. Сағат 21:43–тегі жағдай бойынша 16 бала үйіне қайтарылды. Оқушылардың денсаулығы бірқалыпты. Бүгін барлығы мектепке барды, — деп жазылған облыстық Денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада. 

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: Еліміздің барлық мектептері тексеріледі

Мұнайлы ауданында да оқушылар уланған

Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында мектеп асханасында тамақтан 300-ге бала уланып қалған болатын.

Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынының Бесшоқы ауылында балалардың улануына байланысты Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрлерінің, Маңғыстау облысы әкімінің есептерін тыңдаған болатын.

Кейін оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.