Сержант Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында суицид жасады

Сырым Қаржас

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Қазнетте Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында сержанттың денесі табылғаны жөнінде ақпарат тарады. 

ІІМ не деді 

Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады. Тергеу адамды өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша басталған.

– Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК бірінші бөлігінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады ІІМ. 

Басқа ақпарат берілген жоқ.

Құрлық әскерлерінің әскери институтын Қазақстан Қорғаныс министрлігі басқарады. Ulysmedia порталының болған жағдайға түсініктеме беру туралы өтінішіне ведомство әлі жауап берген жоқ.