Автобус көпірден ұшып, минивэнге құлаған оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алдын ала тараған мәліметтер бойынша, жүргізуші көлік жүргізіп келе жатқанда ауырып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Автобус алдымен қоршауға соғылып, содан кейін көпір қоршауын талқандап, минивэнге құлаған. Жүргізушінің ес-түссіз жатқаны жөнінде мәлімет жалған болып шықты.
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің сегізі Қарасай орталық аудандық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Олардың жетеуі тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек алған, үйіне жіберілген.
– Бір жәбірленуші орташа дәрежедегі жарақаттарымен травматология бөлімшесіне жатқызылды, оны емдеу медициналық хаттамаларға сәйкес жалғасып жатыр, - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға жайлы порталда кеше жазылған еді. Бейнежазбадан бүлінген автобусты, бірнеше жедел-жәрдем көлігін, сол маңға жиналған адамдарды байқауға болады.
Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар автобусы қандай да бір себептермен Алматы облысындағы Қаскелең көпірінен құлаған.