Қоғамдық саясат институтының зерттеуі нәтижесінде медициналық қызметтердің сапасына шағымдану айтарлықтай өскені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ЖАҒДАЙ?
Соңғы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау министрлігіне шағымдар саны 60,8%-ға өсіп, 7,7 мыңға жеткен.
Қоғамдық саясат институтының әлеуметтанулық зерттеуіне сәйкес, әрбір төртінші қазақстандық (27,8%) медициналық мекемелерге немесе қызметкерлерге шағымданады (29,1% – қала тұрғындары, 25,5% – ауыл тұрғындары).
ӨТІНІШТЕРДІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ:
ЖАЛПЫ, САУАЛНАМА НӘТИЖЕЛЕРІ КЕЛЕСІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРДЫ КӨРСЕТЕДІ:
ЖАҒДАЙ НАШАРЛАЙ ТҮСКЕН
Сонымен қатар, Stada Health Report 2024 халықаралық зерттеуінің деректері бойынша Қазақстан денсаулық сақтау жүйесіне наразылық деңгейі бойынша 23 елдің арасында екінші орынға ие. Қазақстандықтардың 67%-ы Медициналық қызметке наразылықтарын білдірді. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 10 пайыздық тармаққа өсті, бұл жағдайдың нашарлағанын көрсетеді.