Жамбыл облысында ірі жол апаты салдарынан 7 адам қаза тапты

Қалижан Бектемір

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Оқиға 16 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігі мен шағын автобусқа соқтығысқан.

16 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық жолының 526-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Cadillac Escalade жүргізушісі алдында келе жатқан көлікті басып озамын деп, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сосын, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Содан кейін Cadillac Escalade көлігі өз жолағына қайта шығып, Газель көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көлік өртенді, –делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында. 

Оқиға орнында 37 жастағы "Газель" автокөлігінің жүргізушісі, 30 жастағы "Cadillac Escalade" көлігінің жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.