Бұрын қылмысты болған. Ұлттық спорт орталығының бас есепшісі сотталды

Әлихан Асқақ

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығын тексеру барысында спорт мекемесіндегі жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

ашық дереккөз

НЕ АНЫҚТАЛДЫ

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.

Аталған деректі облыс прокуратурасы тергеп, қорытындысын ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолдаған..

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған, бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас ботандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.