Көлік құрау саласында қай мамандар ең көп айлық алады

Ulysmedia

Үшінші тоқсанда көлік құрау саласында электр жабдықтарын өндіретін қызметкерлердің тізімдік саны бір жылда 2,1%, 7,1 мың адамға дейін қысқарды. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі EnergyProm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден

Автокөліктер, тіркемелер және жартылай тіркемелер шығаратын жұмыскерлер саны, керісінше, бір жылда 5,6%, 3,9 мың адамға дейін өсті. Компьютерлер, электронды және оптикалық жабдықтар шығарумен 530 адам айналысады. Бұл – бір жыл бұрынғыға қарағанда 6% көп.

Көлік құрау саласындағы ең жоғары атаулы жалақыны көлік құралдарын (автомобильдерден басқа) өндіру сегментінің жұмыскерлері алады: 293,9 мың теңге (бір жыл бұрынғыға қарағанда 24,5%артық).

Компьютерлер, электронды және оптикалық жабдықтар өндірісіндегі жұмысшылар 274,4 мың теңге, электр жабдықтары бойынша қызметкерлер 229,1 мың теңге, автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер бойынша жұмысшылар 249,7 мың теңге алады.