Референдум өтпей жатып референдум туралы заңды бұзған. 4 адам ұсталды

Әлихан Асқақ

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамағанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

НЕ ҮШІН

Прокуратура хабарлағандай, атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгендер ҚР сайлау заңнамасының талаптарын сақтамаған.

Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалады – делінген хабарламада.

Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн түсiндiрдi.

РЕФЕРЕНДУМ УАҚЫТЫ

Естеріңізде болса, 2 қыркүйектегі Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 6 қазанда елде АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы айтып, Жарлыққа қол қойған болатын.

Қазір қоғамда АЭС салу мәселесі қызу талқыланып жатыр.